Жоғары сыныптың 100 жуық оқушысы "Qaisar" әскери-патриоттық жобасына қатысуда.
"AMANAT" жастар қанаты ұйымдастырған "QAISAR" әскери-патриоттық ойынының іріктеу кезеңіне 10 және 11-сыныптардың 90-нан астам оқушысы қатысты. Нағыз әскери өмірдің қыр-сыры, жүгіру мен кедергілер жолағы жарыстары, "Менің елім - Қазақстан" тақырыбындағы викторина – аумақтың барлық жоғары сынып оқушылары "Qaisar"-дың финалына шығу үшін сайысты. Жарыс 58012 әскери бөлімшесінде Алматы облысы білім басқармасының қолдауымен өтті.