18+

"Айбын-2023" облыстық әскери-патриоттық ойыны өткізілуде

Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен "Айбын-2023" атты облыстық әскери-патриоттық ойыны 2023 жылдың 22 мамыр күні өткізілуде.

Ойынның мақсаты – жасөспірімдердің патриоттық рухын нығайтып, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиелеу болып табылады.

Салтанатты шараға Алматы облысының барлық өңірінен 150 оқушы қатысып, олардың ішінде өз кәсібінің үздік өкілдері, спортшылары, ел үшін қалтқысыз қызмет етіп жүрген: Жас Сарбаз және әскери патриоттық клуб өкілдерінен құрылды.

Алматы облысында қазіргі таңда "Жас Сарбаз" балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының 395 әскери-патриоттық клубтары мен кадет сыныптарында – 18324 бала қамтылған.

Жыл сайын жастардың бойында отансүйгіштікті арттыру мақсатында, оқу жылы бойы облыстың жалпы білім беретін мектептері мен колледждерінде ерлік сабақтары, кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізіледі, сондай-ақ мектепішілік, аудандық, қалалық және облыстық "Үздік командир", "Сардар", "Қауіпсіз дөңгелек", және "Жас Ұлан" облыстық әскери-патриоттық жарыстар өткізіледі.

Ойын барысында ерекше еңбек етіп, күнделікті еңбегімен және үлгілі ісімен жұрт назарына ілінген, мемлекеттік рәміздерді насихаттауда шынайы сүйіспеншілігін көрсеткен азаматтар облыстық білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталады.

Конаевский гарнизон
11:55, 31 декабря 2024 г.
Профилактика отравлений
03:00, 31 декабря 2024 г.
ОРВИ
02:42, 31 декабря 2024 г.
Пищевые отравления
01:01, 31 декабря 2024 г.
ДСЭК
00:53, 31 декабря 2024 г.
Коклюш
00:53, 31 декабря 2024 г.
Ботулизм
00:30, 31 декабря 2024 г.
ДСЭК
23:11, 30 декабря 2024 г.