Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты мекемелерде өндіріс орындарын және жаңа жұмыс орындарын ашу, сондай-ақ сотталғандарды жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында облыс және қала кәсіпкерлері үшін "Ашық есік күні" өткізілді.
Аталған Департаменттің және Алматы облысы мамандандырылған прокуратурасының бастамасымен өткізілген "Ашық есік күні" №10, №12, №14 және №57 мекемелерінде ұйымдастырылып, сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды.