Былтыр қазан айында Қонаев қаласындағы Гүлдер, Қарлығаш шағын аудандарында "Сумен жабдықтау және су бұру желілерін қайта жаңарту" жұмыстары басталды.
Оған бюджеттен 481 645,8 мың теңге қаржы қарастырылған. Аталған жұмыс бойынша 17.8 шақырым су құбыры, 7.13 шақырым кәріз құбыры тартылуы керек. Құрылыс-монтаждау жұмыстарымен "Шах" ЖШС айналысып жатыр.
Алайда, мердігер ұйым белгілі бір себептерге байланысты уақытша жұмысты тоқтатқан. Бұған дейін қалалық әкімдіктің ТҮКШ бөлімі компанияның үстінен 2 рет талап арыз жазған. Егер келісімшартта көзделген уақытта серіктестік істі аяқтамаса, ТҮКШ бөлімі сотқа жүгінбек. Бұл шешім тұрғындардың толассыз шағымынан кейін шығарылды. Сондай-ақ мердігердің жұмысы әкімдіктің бақылауына алынды.