AMANAT партиясының жас белсенділері "Кел, шай ішейік!" акциясын ұйымдастырды. Олар аязда таңнан кешке дейін көшелерді қардан тазартып жүрген коммуналдық қызметкерлерге ыстық шәй ұсынды.
"Жастар рухы" жастар қанаты таңертеңнен қала ішін аралап, білек сыбана жұмыс істеп жасап жатқан қызметкерлерге тіскебасар ұсынып, шайға шақырды. Одан бөлек, жұмыс тоқтап қалмас үшін қолдарына күрек алып, жол жиектеріндегі қарды тазалап, жаяужолдарды мұздан тазартуға көмектесті.
Қатысушылар үшін шараның ең керемет кезі қызметкерлердің күтпеген жерден пайда болған бізге шынайы күлкі сыйлап, алғыстарын жаудырған сәті дейді. Арасында батасын беріп, күнделікті кездесетін қиындықтарымен бөлісетіндері де аз емес екен.
Айта кетейік, Қазгидрометтің деректеріне сүйенсек, бүгін облыс орталығы Қонаевта ауа температурасы -16 градус Цельсийден -20 градусқа дейін төмендейді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, коммуналдық қызмет көрсетуші компания жұмысы тоқтаған жоқ. қала әкімінің тапсырмасына сай, олар күшейтілген режимде жұмыс жасауда. соңғы деректерге сәйкес, қалада қардың қалыңдығы 13 см-ге жетті.