Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №11 мекемесінде жазасын өтеп жүрген кәмелетке толмаған сотталғандар арасында Жаңа жыл мерекесі атап өтілді.
Мерекелік шараға балаларға дайындаған таңғажайып нөмірлерге толы бағдарламасымен цирк әртістері шақыртылды. Шағын қойылымдар пластикалық этюд, фокустармен, маймыл және жыланмен бірге қойылған көріністерге толы болды. Қойылым арасында қызықты ойындар ойнатылып, флешмоб билері өтті.
Сонымен қатар, Алматы қаласының Жетісу ауданы әкімінің орынбасары мен прокуроры, Алматы қалалық адвокаттар алқасының және ҚР Қызыл жарты ай қоғамдық қорының өкілдері балаларды құттықтау үшін арнайы келді. Қонақтар өз ұйымдарының атынан балаларға жаңа жылдық тәтті сыйлықтар, жемістер, үстел ойындары мен кітаптарды тарту етті.