Бүгін елімізде Жаңа жыл мерекесі тойланып жатыр. Айтулы күнге орай, Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев жасы 100-ден асқан кейуаналарымызды құттықтап, сый-сияпаттар табыс етті.
Суреттегі әжейдің бірі - Мұқсына Қалдыбаева. Ол биыл 104 жасты алқымдаса да, қарт ана ширақ, тік жүріп, жақсы естіп, нық сөйлейді. Алтын құрсақты анамыз қазірде 10 баласынан 20-дан аса немере, 10-ға жуық шөбере сүйіп отыр. Әжей де шаһар басшысына ақ тілегін арнап, ел амандығын тіледі.