Қонаев қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының м.а. Руслан Ботамбаевтың айтуынша, бүгін Жеңіс паркінің жанында 22 ағашты әлдекімдердің кесіп жатқаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бөлім басшысы мен полиция қызметкерлері аталған аумаққа барды. Нәтижесінде жердің иесі, Н. есімді Қонаев тұрғынына ҚР ӘҚБтК-ның 386 және 505-бабына (жасыл екпелерді күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу, қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) сәйкес, 30 және 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.