Мәжіліс депутаты, "AMANAT" партиясы фракциясының мүшесі Максим Рожин облысқа жұмыс сапары барысында Жамбыл ауданында орналасқан "Алтын қадам" өндіріс ошағының нәзікжанды тігіншілерімен жүздесті.
Олар Әділетті Қазақстанды құру ісіндегі әйелдер рөлін талқылады.Қазіргі таңда мұнда 100-ден аса адам жұмыспен қамтылған. Тігін цехы негізінен мемлекеттік және шетелдік тапсырысты орындайды. Бүгінде Ресейлік темір жолдың қызметкерлеріне арнайы киімдерін тігіп жатыр. Қызметкерлердің еңбекақысы 150-200 мың теңгені құрайды. Ондағы жұмысшылардың 95 пайызы нәзік жандылар.
Кездесуде халық қалаулысы Максим Рожин гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, қыз-келіншектердің құқығын қорғау және отбасылық құндылықтарды нығайту мәселесі әрқашан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарында екенін айтты.
Кездесу барысында фабрика өкілдері өздерінің жұмыстары жайында айтып, шикізатқа байланысты өз мәселелерін, толғандырған сұрақтарын қойды. Депутатпен көкейкесті проблемаларын талқылады.
Тараптар өңірдегі өзекті мәселелерді және оларды заң жүзінде шешу жолдарын талқылады. Мәселенің анық-қанығына жеткен мәжілісмен бұл мәселені өз бақылауына алатынын жеткізді.
Жұмысшылар өңірде мұндай тігін фабрикалар соңғы уақытта дамып келе жатқанын тілге тиек етіп, мемлекеттік сатып алулар заңы аясында шетелдік емес, отандық өнімнің неғұрлым көбірек сатылу тетіктері қарастырылса деген тілек білдірді."Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру өте маңызды.
Бұл халық пен билік арасын жақындатады. Жалпы ұлт, халық болып мемлекет алдына қойған мақсаттарға жетуге арқау болады.
"AMANAT" партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі