18+

Алматы облысының колониясына телефонды шұжық ішіне тығып өткізбек болды

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің №12 барынша қауіпсіздігі жоғары мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізуге әрекет жасалды.

Телефонды шұжықтың ішіне жасырған ер адам, оларды бандероль арқылы жіберді.

Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында, заңсыз өткізу фактісінің жолы кесілді. Бандерольден ішінен шыққан "MI" маркалы қара ұялы телефон тәркіленді.

"Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 481-бабы бойынша материал жиналып, ер адамға қатысты шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді", - деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.

Углеродные поглощения
22:34, 19 ноября
Назначение
15:54, 19 ноября