Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері тыйым салынған заттарды колонияға лақтыру фактісінің алдын алды.
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №14 мекеменің қызметкерлері алкогольды ішімдіктерді колония аумағына лақтырмақ болған ер адамды ұстады.
Оқиға орнынан скотчпен оралған 7 дана түйіншек анықталды. Ішінен көлемі 0.5 литрлік 7 дана спирт иісі бар сұйықтыққа толы бөтелкелер тәркіленді.