18+

Балалар арасындағы өкпе сырқаттанушылығы азайды

Былтыр Алматы облысының орталығында балалар арасында өкпе қабынуы жиі кездескен.

Қонаевтық дәрігерлердің айтуынша, қаңтарда сырқаттанушылық деңгейі салыстырмалы түрде төмендеп келеді. Қазірде көпсалалы аурухананың балалар бөлімінде 20-дан аса бала ем қабылдап жатыр. Жеткіншектердің басым бөлігіне пневмония диагнозы қойылған.

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының балалар бөлімінде 27 орын бар.

Ауруханаға түскен балалардың басым бөлігінің өкпесі қабынған. Десе де, дәрігерлер қараша, желтоқсан айларындағы көрсеткішке қарағанда, пневмонияға шалдыққан жастар саны азайып келетінін айтады.

"Тыныс алу жолдары ауруларынан бөлек, жүйке жүйесінің бұзылуы, ұлану, қанд диабеті, эпилепсия сынды дерті де балалар арасында кездесіп жатыр", - дейді Гүлсара Құмарбекова Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының инфекционист-дәрігері.

Былтыр балалар бөлімінде 800-ден астам бала ем алған. Оларға бұл қызмет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін көрсетіледі.

Конаевский гарнизон
11:55, 31 декабря 2024 г.
Профилактика отравлений
03:00, 31 декабря 2024 г.
ОРВИ
02:42, 31 декабря 2024 г.
Пищевые отравления
01:01, 31 декабря 2024 г.
ДСЭК
00:53, 31 декабря 2024 г.
Коклюш
00:53, 31 декабря 2024 г.
Ботулизм
00:30, 31 декабря 2024 г.
ДСЭК
23:11, 30 декабря 2024 г.