18+

2024 жылы Қайнар ауылдық округіне қарасты Жалғамыс ауылында 600 орындық жаңа заман талабына сай мектеп салу жоспарлануда

Бұл қадам оқушылар орнының тапшылығы мәселесін шешуге және оқу үдерісін оңтайландыруға бағытталған "Жайлы мектеп" ұлттық жобасының бір бөлігі.

Құрылысқа жауапкершілік мемлекеттік сараптамаға қажетті құжаттарды тапсырып қойған "Самұрық-Қазына құрылыс" АҚ-на жүктелген.

Қазіргі уақытта аумақты қоршау және құрылысқа дайындық жұмыстары жүргізілуде, жобаны 2024 жылдың қыркүйегіне дейін аяқтау жоспарлануда. Бұл жаңа мектептің жұмысын бастауға, оқушыларға қолайлы оқу жағдайын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"Қазақстан Халқына" қоғамдық қорының арнайы қолдауымен Алматы облысының 50 мектептері физика, химия, биология кабинеттерімен толықтай жабдықталды. Барлық кабинеттерде жайлы әрі эргономикалық жиһаздар сенсорлық интерактивті тақталармен қатар әлемдік бренд "Паско" цифрлық датчиктер орнатылды.

Бұнымен "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының осы жоба бойынша жұмысымыз ары қарай жалғасады, жабдықталған кабинеттерде БИЛ менторларымен бірлесе отырып практикалық жұмыстар жасалады.

Конаевский гарнизон
11:55, 31 декабря 2024 г.
Профилактика отравлений
03:00, 31 декабря 2024 г.
ОРВИ
02:42, 31 декабря 2024 г.
Пищевые отравления
01:01, 31 декабря 2024 г.
ДСЭК
00:53, 31 декабря 2024 г.
Коклюш
00:53, 31 декабря 2024 г.
Ботулизм
00:30, 31 декабря 2024 г.
ДСЭК
23:11, 30 декабря 2024 г.