Бұған дейін хабарланғандай, Қонаев қаласындағы 3-ықшам ауданда белгіленбеген орындарда сауда жасайтындармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, саудагерлер көше бойындағы тауарларын жинап тастаған болатын.
Бүгін қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қайрат Омаров мәселенің түбегейлі шешілуі мақсатында саудагерлермен "Жетісу" базарында кездесу өткізді.