Жақында Қонаевтағы оңтүстік айналма жолын күрдел жөндеуден өткізу жұмыстары басталады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бүгін шаһар басшысы Нұрлан Құматаев мердігер компания өкілдерімен және коммуналдық қызмет көрсетуші жауапты мамандармен көшпелі жиын өткізді. Әкімнің сөзінше, қажетті тексерулерден кейін көпір жолында жүк тасымалдау мен қауіпсіздікке ықпал ететін бүлінулер анықталған.