Алматы облысы прокуратурасы жергілікті халыққа Енбекшіқазақ ауданында 54 мың гектар жерді қайтарды.
Жалпы ауданы 54 мың гектардан асатын 120 жайылымдық жер белгіленген мақсатқа сай пайдаланылмайтыны анықталды. Бұл меншік иелері мен жер пайдаланушылардың малы жоқ, бұл жерлер азаматтар мен мемлекетке ешқандай пайда әкелмеген деген сөз.