18+

Бухгалтер кәсіпкерлердің ақшасын иемденгені үшін сотталды

Ұйғыр аудандық орталық аурухананың бухгалтері Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың қаражатын 90 млн теңге көлемінде бергені үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды.​

Бұл қаражатты кәсіпкерлер аурухананың банктік шотына шарттардың орындалуына кепілдік түрінде енгізген.​

Азаматша Д. аудандық аурухананың есепшісі бола отырып, бұл қаражатты өз шотына аудару арқылы иемденген. ​

Талдау шеңберінде Алматы облысының прокуратурасы тағы 50 млн теңгеге бұзушылықтарды анықтады, олар 25 кәсіпкерге қайтарылуы қажет.​ Прокуратураның қадағалау актісімен ақшалай қаражаттың бір бөлігі бизнес субъектілеріне қайтарылды.

​Анықтама үшін: мердігерлер тапсырыс берушілердің шоттарына шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету болып табылатын шарт құнынан 3% ақшалай қаражат енгізеді. Бұл енгізілген қаражат мемлекеттік сатып алу бойынша міндеттемелер орындалғаннан кейін кәсіпкерге қайтарылады.

Углеродные поглощения
22:34, 19 ноября
Назначение
15:54, 19 ноября