Қонаев қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, ЖҚЖ және 1-ӨСБ-мен бірлесіп орта мектеп гимназиясында: жер сілкінісіне дайындық және қауіпсіздікті оқыту тақырыбында сейсмикалық жаттығу өткізді.
Жер сілкінісі сияқты төтенше жағдайларды оқыту мен дайындаудыққоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Мектеп жағдайында төтенше жағдайлар қызметкерлерінің сейсмикалық жаттығуларын өткізуі ерекше маңызды болады, өйткені ол оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар мектептің жер сілкінісі кезінде тиімді әрекет етуге дайындығын арттырады.
Төтенше жағдайлар қызметкерлері, жер сілкінісі кезінде қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі принциптеріне үйрету мақсатында мектепте сейсмикалық жаттығулар өткізді. Осы жаттығу аясында мектеп оқушылары мен мұғалімдер жер сілкінісі кезінде қалай дұрыс әрекет ету керектігі және қажет болған жағдайда алғашқы көмек көрсету туралы практикалық дағдылар мен білім алды.