Алматы облысы прокуратурасымен "СТК Sokol" ЖШС инвесторына қатысты бақылаушы орган тарапынан заңсыз тексеру және шектеу шараларын қолдану дерегінің жолы кесілді.
Бүгінгі таңда инвестормен спорт-техникалық саланы дамытуға бағытталған жобаға 20 млрд теңгеден астам қаржы салынған.
Кәсіпкерлік кодекстің талаптарын бұза отырып, Алматы облысының Жер ресурстарын басқару Департаментінің қызметкеріменқұқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында тексеруді тағайындау туралы акті тіркелмей ЖШС қызметінде тексеру жүргізілген.
Тексеру қорытындысы бойынша ауданы 100 га жер учаскесіне ауыртпалық салынған.
Қадағалау актісі бойынша тексеру заңсыз деп танылып, жер учаскесіне салынған шектеу сипатындағы ауыртпалық алынып тасталды.