Биыл аталған жобаға 480 млн 608 мың теңге бөлінді, деп хабарлайды Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ал былтыр 218 401,1 мың теңгеге 7 жоба жүзеге асырылды. Қатарында бірнеше шағын аудандарда балалар алаңы мен футбол алаңын орнату, көшелерді жарықпен қамту секілді жобалар бар.
Қазіргі таңда бюджет заңнамасына сәйкес, әкімдіктің ресми интернет-ресурсында жобалық ұсыныстарды қабылдау туралы ақпарат орналастырылған. Азаматтардан ұсыныс 1 наурызға дейін қабылданады.
Айта кетейік, "Халық қатысатын бюджет" жобасы 2020 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.