ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Қонаев қаласында пайдаланылмаған жерлерді мемлекетке қайтару бойынша жұмыстар жүріп жатыр.
Қалалық әкімдікке қарасты жер қатынастары бөлімінің мәліметінше, жыл басынан бері апелляциялық соттың шешімімен 500 гектар, өз еркімен жерді иелену құқығынан бас тарту бойынша 5,177 га, жер пайдалану құқығы тоқтатылған 2133,7 га жер мемлекетке қайтарылған.