Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №12 мекемеге әйел адам психотроптық заттарды дәрі-дәрмек ішіне жасырып, яндекс такси арқылы жіберіп өткізбекші болды.
№12 мекеме қызметкерлері сәлемдемені тексеру кезінде тыйым салынған заттарды өткізу фактісінің алдын алды. "Тайлол хот" дәрі-дәрмек ішінен пакетке оралған, бес ерекше иісі бар ұнтақ салынған түйіншек тәркіленді. Алдын-ала болжам бойынша тәркіленген ұнтақ психотроптық затқа ұқсас.
Күдіктінің айтуынша, яндекс қосымшасы арқылы әйел адамнан жеткізуге ұсыныс алған, дәрі-дәрмек ішінде психотроптық заттардың барын білмеген. Алайда, бұл жағдай оны жауапкершіліктен босатпайды.