Қазіргі таңда Қонаев қаласындағы "Строительная" саяжай алқабында 1240 абонент бар. Саяжайдағы электр желісін қала балансына алу жұмыстары былтыр басталып, 11 трансформатор қойылған.
Содан бері құжаттары реттеліп, ақпанның 7-нен бастап 1-ші трансформатор халық игілігіне берілді. Қалған ток беруші құрылғылар кезең-кезеңімен қосылады. Енді тұрғындар жарық ақшасын бекітілген тариф бойынша төлейді. Ал бұрын кВт-на 2-3 теңге артық төлейтін. Бұл жаңалыққа халықтың өзі де қуанышты.