Бірінде интернет қосылмаса, енді бірінде студенттер ескі-құсқы көрпе-жастық жастанып жатыр.
AMANAT партиясының белсенділері 1986 жылы пайдалануға берілген Санжар Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік техникалық колледжіне маниторинг жұмыстарын жүргізді.
300 орынға шақталған студенттер үйі 38 жылға жуық уақыттан бері күрделі жөндеуден өтпеген. Бүгінде мұнда 50-ге тарта студент тұрады.
Ал колледж директорының айтуынша, білім ордасында интернет бар, тек жылдамдығы нашар екенін айтып ақталды.
Мониторниг тобы одан әрі Қаскелең мәдениет колледжіне де аялдады. Мұндағыстуденттер үйі 55 жыл бұрын салынған. 2014 жылы күрделі жөндеуден өткен. Алайда, 70 орынға шақталған жатақхана төсектері төрт аяғын зорға тіреп тұр. Төсенішері де ескі, шұрық тесік. Электр жүйесінде де қауіпсіздік талаптары сақталмаған. Кей жері ашық. Көрпе-кешектің де күй жайы мәз емес.
Айта кету керек, алдағы уақытта өңірдегі барлық орта арнайы оқу орындарындағы жатақханалар тексеріле бастайды.