Алматы облысының Қонаев қалалық Пробация бөлімінің қызметкерлері есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру үшін бос орындар жәрмеңкесіне қатысты.
Бұл іс-шара Алматы облысының мансап орталығының ұйымдастыруымен өтті. Сонымен қатар, арнайы мамандық алу үшін тегін оқуға және қайта даярлауға мүмкіндік берілетіні жайлы толық ақпараттар берілді.