Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, қазіргі таңда Қонаев қаласы мен оған қарасты елдімекендерде 5205 тұтынушы газға қосылған. Оның ішінде 4229 пәтер, 746 жеке үй, бірнеше ғимараттар бар.
Жалпы шаһардағы нысандардың газға қосылу үлесі 33 пайызды құрайды. Бүгінде халықты көгілдір отынмен қамту бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Биыл Сейфуллин көшесі мен № 1, 2, 4, 18, Ивушка шағын аудандарында газ құбырын тартуды аяқтау жоспарланған.