Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің кадр жұмысы бөлімінің қызметкерлері, Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттарымен бірлесіп, оқушылар арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Академия курсанттары Темірлан Әліпбаев пен Елдар Рахышбай ҚАЖД қызметкерлерімен бірге Алматы қаласының №142 және №198 мектептерінің оқушыларына жоғары оқу орнына түсу шарттарын түсіндіріп, оқу үдерісімен бөлісті.