Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің “Күзет бөлімі" мекемесінің ұйымдастыруымен, ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттары Әліпбаев Темірлан мен Рахышбай Елдар Талғар ауданындағы №36 орта мектебінің түлектерімен кездесіп, өздерінің күнделікті курсанттық өмірлері туралы әңгімеледі.
Оқушыларды Академияның тарихы, оның оқыту мүмкіндіктері және курсанттарға жоғары білім беру деңгейі қызықтырды.