"9 жыл 10 айға созылған Ауған соғысы туралы деректерге сәйкес, Кеңес одағынан соғысқа 600 мыңнан астам адам қатысқан. Осыдан 35 жыл бұрын Ауған соғысынан 21371 қазақстандық ардагер аман есен өз отанына оралған, олардың қатарындағы 91 ардагер бүгінде арамызда жүрген Қонаев қаласының тұрғындары.
Бүгінгі ұйымдастырылған шара болашақ ұрпақ үшін тәлім-тәрбие, жауынгерлік борыштың мәнін қадірлеуге бағытталған. Сіздердің көрсеткен ерліктеріңіз - жастарға үлгі. Сіздер бейбіт өмірге араласып, отбасын құрып, саналы ұрпақ өсіріп, халық көшін алға жылжытуға, еліміздің дамуына үлес қостыңыздар", - деді өз сөзінде қала әкімінің орынбасары.