Жер телімінің шекарасын қалпына келтіру мен белгілеу өтініштерді "Жылжымайтын мүлік бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттықжүйесіндегі жария кадастрлық карта арқылы беруге болады.
Бұл жер кадастры саласындағы алғашқы коммерциялық цифрлық қызметболып табылады.
Мемлекеттік корпорация филиалдарының қызметкерлері барлық аймақтардадайындықтан өтті, жария кадастрлық картаның жаңа функционалын тестілепкөріп, цифрлық форматта жер телімінің шекарасын қалпына келтіру жәнебелгілеуге өтініштерді қабылдауға дайын.
Мемлекеттік корпорацияда атап өткендей, цифрландырудың бірнешеартықшылығы бар: сыбайлас жемқорлық қаупі төмендейді, өтініштердіаумақтан тыс, кез келген жерден беруге болады. Егер бұрын "Азаматтарғаарналған үкімет" мемлекеттік мекемесінің филиалына барып, өтініш беріп, дайын нәтижені алу қажет болса, қазір ондай қажеттілік жоқ.