Қала экономикасының маңызды құрамдас бөлігі –шағын және орта бизнес саласы. Былтыр Қонаев қаласы бойынша бөлшек тауар айналымы 31,6 млрд тг-ні құрады. Нақты көлем индексі – 100,8%.
2023 жылы жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 1731 бірлікке артып, 5877-ге жетті. Онда 18 500 адам жұмыспен қамтылды. Олардың қызметінен бюджетке 109,7 млрд тг салық түсті.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 850 млрд теңгеге өнім өндіріп, қызмет көрсетті. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп.