Мамандандырылған ХҚО-да емтихан тапсыру үшін кезекке тұруға "ХҚКО" қосымшасы арқылы 8 мыңнан астам өтініш түскен.
Енді азаматтарға алғаш рет жүргізуші куәлігін алу үшін орталыққахабарласудың қажеті жоқ. Олар мұны қосымшаның "Бейне қызметі" батырмасы арқылы онлайн жасай алады.
Қызметтің арқасында азаматтар уақытын айтарлықтай үнемдей алады. Мәселен, бұған дейін теорияны тапсыру үшін көрсетілетін қызметті алушы мамандандырылған ХҚКО-ға келіп, талон алып, кезекте тұруы, оператордан өтініш беріп, содан кейін ғана емтихан сыныбына өтуі қажет болатын.