18+

Жауғашты әйелдер колониясында Ашық есік күні өтті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің №10 әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан әйелдердің туыстары мен жақындары үшін "Ашық есік күні" өткізілді.

"Жыл сайын өткізілетін бұл іс-шараны биыл Алғыс күніне орай, көктемнің алғашқы күнінде өткіздік. Басты мақсатымыз балалардың аналармен кездесуін ұйымдастыру. Өйткені, өскелең ұрпақтың үйлесімді және бақытты балалық шағы-біздің ортақ міндетіміз", - деп атап өтті мекеме бастығы әділет полковнигі Магнис Сабиров.

Сонымен қатар, сотталғандардың туыстары мен жақындарына мекемедегі тұрмыстық жағдайлар көрсетіліп, арнайы дастархан жайылды.

Мұндай іс-шараларды өткізу сотталғандар арасындағы моральдық-психологиялық ахуалға оң әсер етіп, туыстық байланыстарды қолдауға ықпал етеді.

Тогызкумалык
13:17, 25 декабря
Легкая атлетика
14:31, 24 декабря