Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департамент бастығының төрағалығымен, Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшылығының, көпсалалалы Қонаев қалалық аурухана өкілдерінің, қоғамдық бақылау комиссия басшыларының, сондай-ақ, №12 мекеме басшылығымен медициналық қызметкері қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында ведомстволық бағынысты мекемелерде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға медициналық көмек көрсету кезінде туындаған проблемалық мәселелер талқыланды. Департамент басшысы өзінің жеке қабылдауындағы сотталғандардың медицина және денсаулыққа қатысты өзекті өтініштері мен шағымдарын жеткізді.