Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД басшылығы, қоғамдық бақылау комиссия басшылары, денсаулық сақтау басқарма басшысы және мекемелердегі медициналық қызметке жауапты қызметкерлер №12 мекеменің сотталғандарын жеке қабылдады.
Сотталғандардың арыз-шағымдарына байланысты, мекеменің дәрігерлік амбулаторияларын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, мамандандырылған медициналық көмекке мұқтаж сотталғандарға кеңес беру, диагностика және емдеу мәселелері қаралды.