Бүгін "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры тарапынан шаһарға қарасты ауыл мектептеріне 50 жолдама берілді.
Жолдама арқылы оқуда озат болған, барлық деңгейдегі пәндік олимпиадалардың, ғылыми жоба байқауларының жеңімпаздары жазғы лагерьге демалуға барады.
Тиісті сертификатты мектеп директорларына қала әкімінің орынбасары Сәуле Нұрсолтанова табыстады. Жалпы балаларды қуантуға арналған бұл шара бірнеше жылдан бері дәстүрге айналған.
Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі