Қонаев көпсалалы ауруханасына 1974 жылғы науқас оң жақ аяғының қатты ауырып, ісінуіне шағымдануымен келіп түскен. 50 жастағы азамат өздігінен жүре алмай қалған.
Ауруханада барлық ем ТМККК шеңберінде тегін тағайындалған.
Дәрігерлер бірден сараптама жүргізіп, науқастан аяқтың жарақаттан кейінгі кең гематомасын анықтайды. Аяқ бұлшықеттерінің кең тері астындағы жыртылуы, жедел постгеморрагиялық анемия диагнозын қойған.
Бірден 1 сағат ішінде ота тағайындалып, операция төсегіне жіберілген.