Ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін бұл күн – алға жаңа мақсат қойып, жаңа жобаларды бастап, елдің жаңа саяси ерік-жігері мен прагматикалық ұстанымының арқасында, өмірді жақсылыққа қарай өзгерту туралы шешім қабылдау.
Наурызнама онкүндігінің аясындағы осы бір шуақты мерекеде, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласының орталық саябағына келіп ағаш отырғызу акциясына қатысты.
Алматы облысы бойынша бүгінгі өткен сенбілікке 25545 адам қатысып 15850 түп ағаш отырғызылды. Олардың ішінде:
• Балқаш ауданы 1800 адам қатысып 900 түп ағаш
• Еңбекшіқазақ ауданы 7600 адам қатысып 5300 түп ағаш
• Жамбыл ауданы 7748 адам қатысып 300 түп ағаш
• Іле ауданы 3830 адам қатысып 420 түп ағаш
• Қарасай ауданы 800 адам қатысып 330 түп ағаш
• Талғар ауданы 1250 адам қатысып 5900 түп ағаш
• Ұйғыр ауданы 920 адам қатысып 2200 түп ағаш
• Қонаев қаласы 1200 адам қатысып 1300 түп ағаш екті
Наурыз айында ел аумағында отырғызатын жаңа көшеттер тәрізді бұл күндері қоғамдық мәдениетке Наурыздың жаңа дәстүрлері сіңіріледі. Отырғызылған көшеттер өніп шығып, ағаштар жеміс бергені сияқты жаңа идеялар мен құндылықтар өз жемісін беріп, қоғамымызды нығайтып, өркендеуге жетелейді.
"Жаңару" күні барша қазақстандықтарды, еліміздің ұлттық мүддесі мен рухани құндылықтарын сақтап, ұлы мұраттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға шақырады.