18+

Тергеу-қамауға алынған адамнан екі телефон тәркіленді

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №72 мекемесіне тергеудегі азаматтан кездесуден кейін екі ұялы телефон тәркіленді.

Тергеу-қамаудағы ер адамға қысқа мерзімді кездесуге оның ағасы қоғамдық қорғаушы ретінде келді. Кездесуден кейін қамаудағы адамнан тексеру кезінде екі ұялы телефон табылып, тәркіленді.

Осы факт бойынша қоғамдық қорғаушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен материалдар жиналып, одан әрі шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Углеродные поглощения
22:34, 19 ноября
Назначение
15:54, 19 ноября