Биыл өңірде аутизмге шалдыққандар саны 25 пайызға ұлғайған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында "Облыстық психикалық денсаулық орталығы" ШЖҚ МКК директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Райгүл Тленова мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, баланың бойынан байқалатын аурудың бірінші белгісі - қарым-қатынас қабілетінің болмауы. Сондай-ақ бала зер салмаса, есімін атағанда қарамаса, эмоциясын көрсетпесе,ата-ана мұны дабыл деп қабылдау керек.
Мұндай қылықтарды баланың бойынан 1,5-2 жасында аңғаруға болады. Егер осындай белгілер байқалса, мамандарға жүгінген дұрыс.
Ақ халатты жандардың айтуынша, емдеу жолы беймәлім аутизмге шалдыққан балалардың саны жыл санап артып келеді.