Қазақстандықтарға алғашқы жеке куәлігі 16 жасында беріледі. Олреспублика аумағында жарамды. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын барлық азаматтарының жеке куәлігі болуға міндетті.
Жеке куәлік алу үшін жасөспірім мен ата-анасының біреуі тұрғылықты жері немесе уақытша болатын жері бойынша ХҚКО-на жүгіну қажет. Өзіменбірге жасөспірімнің туу туралы куәлігі, паспорты (болған жағдайда) және ата-анасының біреуінің жеке куәлігі болуы шарт. Сонымен қатар, 0,2 АЕК мөлшерінде мемлекеттік бажды төлеу қажет.
Сондай-ақ, егер бала шетелде туылған болса, ал ата-аналардың азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, шетелдік ата-анадан баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алуына нотариалды куәландырылған келісімі болуын қажет.