Елімізде "Таза өлке" акциясы жалғасуда. Науқан аясында бүгін Қонаевтағы колледждердің 200 студенті оқу ошақтарының аумағын қоқыстан тазартты.
Облыстық көпсалалы үздіксіз білім беру колледжінің білімгерлері эконауқанды қолдау туралы челленджді Алматы облысындағы басқа білім беру мекемелеріне жолдады. Олар сенбілік барысында 10 қап қоқыс шығарды.
Ал Қонаев көпсалалы колледжінің студенттері 20 қап қоқыс шығарғандарын айтты.