Қонаевта жекпе-жек спорт мектебі және мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ) қызмет етеді. Еліміздің көк туын көкке желбіретер спортшыларымыз "Таза өлке" науқанына қолдау білдіріп сенбілікке шықты.
Өз пікірінде БЖСМ-нің әдіскері Қарлығаш Изанова қала таза болуы үшін ең алдымен бірлік керек екенін тілге тиек етті. Айтуынша, көршілес Өзбек мемлекеті бір күнді ақылдаса белгілеп, сол күні халық жаппай сенбілік жасайтын көрінеді. Ұйымшылдық арқасында шаһарлар демде тазарып шыға келеді – дейді маман.