"Еліміздің көптеген өңірлері үшін қиын кезеңде, біз су тасқынынан зардап шекпеген өңірлердің тұрғындары жұмылып, үйлерімізді, аулаларымызды, көшелеріміз бен елді мекендерімізді ретке келтіруіміз керек. Елді мекендердің көшелерін тазарту, ағаш отырғызу және аумақтарды абаттандыру акциясын бастаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осылай деді. Акцияның негізгі бағыты – "Киелі мекен" жобасы.
Оның аясында бір аптаның көлемінде тарихи-мәдени ескерткiштердi абаттандыру жұмыстарын атқару көзделген. Бұл апталық Алматы облысынан бастау алып отыр. Себебі Алатау өңірінің тарихы бай әрі терең. Облыс аумағында 1200-ге жуық тарихи және мәдениет ескерткіштері болса, оның 961-і археологиялық ескерткіштер болып табылады. Талғар (Талхиз), Қарамерген қалашықтары және "Таңбалы" қорық-музейі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енген. Бүгін біз бірнеше ғасырдың белгісі бар Таңбалы тас шатқалына келіп, аумағын тазалауды қолға алып отырмыз. Осы игі іске атсалысқан барша жандарға алғысымды білдіремін", – деді Марат Сұлтанғазиев.