Елімізде "Киелі мекен" эконауқаны өтіп жатыр. Аталған акция мәдени мұралар мен ескерткіштердің аумағын тазалап, абаттандыруға арналған.
Бұл бағыттағы жұмыстар облыс орталықтарында да қарқынды жүріп жатыр. Бүгін Абай Құнанбайұлы мен Қонаев шаһарының алғаш іргесін қалаушылардың құрметіне тұрғызылған ескерткіштердің төңірегі тазаланды.
Ал халық данасы Абай Құнанбайұлының елге еткен еңбегі жайлы айтпаса да баршамызға түсінікті. Шаһар ардагерлері мен жастар бірлесіп, 2 ескерткіштің маңайынан 15 қап қоқыс шығарды. Акцияға 100-ге жуық адам қатысты.
Жалпы қала мен оған қарасты ауылдық округтерде 15 тарихи және мәдени ескерткіштер бар. 1 апта ішінде тазалық жұмыстарымен барлық аймақ қамтылады деп жоспарланған.