Қаламызда "Киелі мекен" акциясы жалғасуда. Бүгін аталған эконауқанның аясында ардагерлер мен жастар бірлесіп, қаладағы Жеңіс паркін тазалады.
Бұл парк былтырдан бері күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Жасыл желектер егіліп, ағаштар әктеліп, орындықтар мен қоқыс жәшіктері ауыстырылып, гүлзарлар жасалған болатын. Сондай-ақ мұнда ҰОС-ға қатысқан ардагерлердің суреті бейнеленген панно орнатылып, шағын сәулеттік нысандар қойылды. Ең бастысы – парктің аумағында Ауған соғысы мен ҰОС арналған үлкен екі ескерткіш бар.
Бұл күні саябаққа ардагерлер мен жастардан 100 адам жиналып, парк аумағын қоқыстан, жерге түскен сары жапырақтардан, арамшөптерден тазартты. Ескерткіштердің төңірегі сыпырылып, жұртшылық бір адамдай еңбек етті. Нәтижесінде бұл жерден 35 қап қоқыс шығарылды.