Республикалық күнтізбелік жоспарға сәйкес 15-20 сәуір күндері аралығында, Түркістан қаласында есту органдары зақымдалған жасөспірімдер, жастар және U-23 спортшылар арасында еркін және грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты бүгін өз жалауын көтерді.
Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында грек-рим күресінен ҚР чемпионаты
Жарысқа 8 облыс және 3 қаладан 11 команда қатысып жатыр. Грек-рим күресінен - 90 спортшы, еркін күресінен - 73 спортшы бақ сынасады.
1-ші күннің нәтижесі U-23 бойынша еркін күрестен:
Алматы облысының спортшылары қоржынға екі алтын - Самарин Андрей (65 кг), Әзи Рамазан (86 кг), бір күміс медальдарын салды - Мергенбай Нуржигит (74 кг). Жаттықтырушы Молдахметов А.
Бүгін 2-ші күннің нәтижесі бойынша U-23 грек-рим күресінен:
Алматы облысының спортшылары қоржынға бір алтын - Әзи Рамазан (87 кг), бір күміс Самарин Андрей (67 кг), бір қола Мергенбай Нуржигит (77 кг) медальдарын салды.
Грек-рим күресінен есту органдары зақымданған U-23 спортшылар арасындағы Қазақстан республикасының чемпионатында жалпы командалық есепте Алматы облысы үшінші орынға ие болды.