Бүгін Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай, Қонаевта ұлы тұлғалардың есімі ұлықталып, гүл шоқтарын қою рәсімі мен "Киелі мекен" экоакциясы өтті.
Алдымен жұрт Абай Құнанбайұлының ескерткіші маңына жиналды. Мұнда балалар арнау өлеңдер оқып, мәдениет басқармасының қызметкерлері мен ардагерлер бұл күннің маңызына тоқталды.