Қазіргі таңда елімізде "Таза Қазақстан" эконауқаны өтіп жатыр. Науқанға Қонаевтағы 12, 12А, 12В, Арна шағын аудандарының халқы белсенді қатысып, көшелерді қоқыстан тазартты.
Солардың қатарында 6 жасар балақай Нұрали Сұңқарұлы да болды. Тырмамен қураған шөпті тазалаған бала жұртты сүйсінтті. Айтуынша, ол сенбілікке достарымен бірге келген.