Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасына 1 жастағы бала тамағына бөгде зат тұрып қалуынан түскен.
Анасының айтуынша, бала үйінде тамақ ішіп отырған кезінде, тамағына сүйек тұрып қалған. Нәресте қабылдау бөлімінде бір топ дәрігердің қарауында болып, консультациядан кейін диагностикалық бронхоскопия жасау туралы шешім қабылданыпты.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің айтуынша, мұндай жағдайлар өңірде жиі кездеседі. Сондықтан мамандар ата-аналарға балаларға мұқият қарауға, қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
Айта кетерлігі, елімізде балалар МӘМС шеңберінде тегін емделеді. Олар 15 жеңілдік санатындағы топ қатарына кіреді. Яғни, жарнаны олар үшін мемлекет төлейді.